Кафедра қызметкерлері Астана қаласында, Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде де практикалық денсаулық сақтауға үлкен емдік-консультациялық көмек көрсетеді. Жыл сайын кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы Астана қаласының №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының базасы болып табылатын, қаланың қалалық емханаларында бейінді пациенттерге жетекшілік етеді және кеңес береді. Кафедра қызметкерлерінің күшімен жыл сайын қалалық және республикалық деңгейлерде семинарлар, мастер-кластар және ғылыми-практикалық конференциялар өткізіледі. Кафедра мамандары республикалық клиникалық хаттамаларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жұмысына қатысады, оларды кейіннен РДРҰ сараптамалық комиссияларында және ҚР ДСМ Қоғамдық кеңесінде қорғайды. Кафедра денсаулық сақтауға профилактикалық бағытта үлкен практикалық көмек көрсетеді, вакцинопрофилактика, ЖРВИ алдын алу және салауатты өмір салтын жүргізу мәселелері бойынша радио мен теледидарда сұқбаттар берді.
Кафедра “ Жалпы медицина” факультетінде жетекшілік ететін топтарға келесі тақырыптар бойынша тәрбие жұмысын жүргізеді: “Есірткісіз саламатты өмір салты”, “Саламатты өмір салты, B жəне C вирустық гепатиттің алдын алу”, “АИТВ инфекциясының алдын алу”, “Темекісіз саламатты өмір салты”. Жастарға патриоттық тәрбие беруге көп көңіл бөлінуде, жыл сайын “Президент күніне”, “Қазақстанның Тәуелсіздік күніне” жəне “Жеңіс күніне” арналған концерттер, салтанатты іс-шаралар өткізіледі.
Астана қ., Тұрар Рысқұлов к-сі, 12. Г2Д2 блогы, 4 қабат.
e-mail: kaf.detinf@amu.kz
Біз әлеуметтік желілерде: