Сатып алуды ұйымдастырушының атауы, мекен-жайы: Астана қаласы әкімдігінің «№3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Астана қ., Т.Рысқұлов көшесі 12.
Тапсырыс берушінің атауы, мекен-жайы: Астана қаласы әкімдігінің «№3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Астана қ., Т.Рысқұлов көшесі 12 тендерлік құжаттамаға 1-қосымшада көрсетілген дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша тендер өткізу туралы хабарлайды.
Тендерге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында көрсетілген талаптарға жауап беретін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.