Баспасөз хабарламаса
- Қаралды: 17
№3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасында Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай, №3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының ұжымы ауруханада ем алып жатқан кішкентай пациенттерге ерекше көңіл бөліп, мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Шара барысында әр бөлімше қызметкерлері өз бөлімдерін әсемдеп, тақырыптық стендтер әзірледі. Сонымен қатар, 29, 30, 31 мамыр және 1 маусым күндері дүниеге келген кішкентай пациенттер туған күндерімен арнайы құттықталып, естелік сыйлықтар тарту етілді.
Орта жас буындағы балаларға арналған қол жуу гигиенасының ережелерін мейірбикелер іс жүзінде көрсетіп, тазалық сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шеберлік сабақтарын өткізді.
Ата-аналарға вакцинацияның маңыздылығы мен пайдасы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жас аналарға ана сүтінің пайдасы және дұрыс тамақтандыру қағидалары кеңінен айтылды.
Шара соңында ата-аналар өз алғыстарын білдіріп, балаларын дер кезінде емдеп, дерттен қорғаған дәрігерлерге шынайы ризашылықтарын жеткізді. Олардың айтуынша, ақ халатты абзал жандардың еңбегі мен жанашырлығы – бала денсаулығының кепілі.
Бұл күн – тек мереке ғана емес, балалардың құқықтарын қорғап, олардың жарқын болашағы үшін баршамыз жауапты екенімізді еске салатын маңызды күн. Аурухана ұжымы бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау арқылы олардың тезірек сауығып, қалыпты өмірге қайта қосылуларына барынша жағдай жасау маңызды деп есептейді.