70-84-86
Пациенттерді қолдау қызметі
70-84-93
Анықтама
Тұрар Рысқұлов к., 12
Астана қ.

Жаңалықтар

Энтеровирустық инфекция: ата-аналар не білуі керек?

Энтеровирустық инфекция – жаз-күз мезгілінде балалар арасында жиі таралатын вирустық ауру. Бұл вирустар өте кең таралған және жеңіл түрінен бастап ауыр асқынуларға дейін, соның ішінде вирустық менингитке әкелуі мүмкін.

Қалай жұғады?

Энтеровирус көбінесе су арқылы жұғады:
-бассейнде, көлде, өзенде, фонтанда шомылғаннан кейін, әсіресе санитарлық жағдай нашар болған кезде;
- ластанған суды абайсызда жұтып қойған жағдайда.

Сонымен қатар вирус мынадай жолмен берілуі мүмкін:
-жуынбаған қол, лас ойыншықтар мен тұрмыстық заттар арқылы;
-ауа-тамшы жолымен – жөтелу немесе түшкіру кезінде.

Қайда жұқтыру қаупі жоғары?
- Бассейндер мен ашық су көздерінде, әсіресе ауа райы ыстық кезде;
-Балабақша, мектеп, лагерь секілді балалар көп жиналатын жерлерде;
- Гигиена ережелері сақталмаған жағдайда (қолды жиі жумаса, шикі суды ішсе және т.б.).

Қандай белгілері болуы мүмкін?
Ауру көбінесе жай тұмау сияқты басталады, бірақ кейде ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін.

Кең таралған белгілер: Дене қызуының көтерілуі
Тамақ ауыруы, мұрын бітелуі
Лоқсу, құсу, іш өту
Теріге бөртпе шығуы ( көбінде алақан мен табан аймақтарына)
Әлсіздік, бас ауруы
Ауыр түрінде:
Қатты бас ауруы
Жеңілдік әкелмейтін құсу
Жарықтан қорқу, әлсіздік
Мойынның сіресуі (бала басын алға еңкейте алмайды)
Талма, шатасқан сөйлеу немесе есінен тану

‼ Егер жүйке жүйесі зақымдануының белгілері байқалса – шұғыл дәрігер көмегі қажет!

Қашан алаңдауға негіз бар?
Бала суға түскеннен кейін 2-10 күн ішінде қызуы көтерілсе;
Құсу, бас ауруы, әлсіздік, бөртпе пайда болса;
Неврологиялық белгілер (сөйлеудің бұзылуы, талма, ұйқышылдық) байқалса;
Балалар ұжымында энтеровирус өршісе.

Баланы қалай қорғауға болады?
 Алдын алу – ең тиімді жол:
Күмәнді су қоймаларында және фонтандарда шомылмаңыз.
Бассейндердің дұрыс тазартылып, дезинфекцияланып отыратынына көз жеткізіңіз.
Қолды сабынмен жиі жуыңыз, әсіресе тамақ ішер алдында.
Лас суды ішпеңіз, көкөніс пен жемісті мұқият жуыңыз.
Алғашқы белгілер байқалса  дәрігерге қаратыңыз.

Есте сақтаңыз:
Энтеровирустық инфекция – жай ғана «жазғы суық тию» емес.
Ауыр түрінде менингит пен басқа да қауіпті асқынуларға әкелуі мүмкін.
Ата-аналардың дер кезінде әрекет етуі – баланың саулығын сақтап қалудың басты кепілі.

ҚР, АСТАНА Қ.,
Т.РЫСҚҰЛОВ К., 12
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ: +7 (7172) 70-84-93
С 8.00 ДО 19.00 (ЖЕКСЕНБІДЕН БАСҚА)
ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ CALL-ОРТАЛЫҒЫ:
+7 778 265 67 88 (ТӘУЛІК БОЙЫ)

gdib_ast@mail.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.