70-84-86
Пациенттерді қолдау қызметі
70-84-93
Анықтама
Тұрар Рысқұлов к., 12
Астана қ.
Тұмау — ауа арқылы жұғатын, маусымдық вирустық ауру. Ол дене қызуының көтерілуіне, жөтелге, бұлшық еттердің ауыруына және әлсіздікке әкеледі. Тұмаудан қорғану үшін келесі кеңестерді сақтаңыз:
Алдын алу жолдары:
Вакцина алыңыз – жыл сайынғы тұмауға қарсы екпе – ең тиімді қорғаныс.
Қолыңызды жиі жуыңыз – сабынмен және кемінде 20 секунд жуыңыз.
Адам көп жиналған жерлерден аулақ болыңыз, қажет болса маска қолданыңыз.
Ауырсаңыз, үйде болыңыз – вирусты таратпау үшін.
Иммунитетті күшейтіңіз – дұрыс тамақтаныңыз, жеткілікті ұйықтаңыз және дене белсенділігін сақтаңыз.
Қауіп тобына кімдер жатады?
- Балалар
- Қарт адамдар
- Созылмалы аурулары бар адамдар (мысалы, қант диабеті, астма)
- Жүкті әйелдер