МӘМС – қолжетімді және кешенді медициналық көмек
- Қаралды: 17
Медициналық сақтандыру қоры халыққа профилактикалық тексерулерден бастап, тар бейінді мамандардың қабылдауы мен консультацияларына, созылмалы аурулары бар азаматтарды динамикалық бақылауға, шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмекке қолжетімділік береді. Сондай-ақ зертханалық және жоғары технологиялық диагностикалық қызметтер, стационарлық көмек, медициналық оңалту және бекітілген тізім бойынша дәрілік қамтамасыз ету МӘМС шеңберінде көрсетіледі.
МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңіз бен берешегіңізді msqory.kz сайтынан, SaqtandyryBot Telegram-арнасынан, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасынан немесе 1414 байланыс орталығынан білуге болады.
Пациент құқықтарын қорғау үшін медициналық ұйымның қолдау қызметіне немесе 1414 нөміріне хабарласып, Qoldau 24/7 қосымшасы арқылы шағым қалдыруға болады.
МӘМС – денсаулығыңызға қамқорлықпен ұсынылатын қолжетімді және кешенді медициналық көмек.


