Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам сақтандыру мәртебесін қалай алады?
- Қаралды: 15
Ресми түрде жұмыс істемейтін, бірақ табыс табатын адамдар МӘМС жарналарын да, басқа да міндетті төлемдерді төлемейді. Алайда кей жағдайларда сақтандырудың болуы шешуші рөл атқарады.
Жоспарлы медициналық көмек қажет кезде азаматтың мәртебесі сақтандырылмаған болса, медициналық қызметтерді ақылы түрде алуға тура келеді.
Бір ғана диагноз қою үшін ондаған, тіпті жүздеген мың теңге қажет болуы мүмкін (мысалы, бір дәрігердің кеңесі – 10 000 теңге, талдаулар – бір көрсеткішке 2 500 теңгеден басталады, КТ – 15 000 теңгеден, МРТ – 25 000 теңгеден).
Ал сақтандырылған мәртебесі болған жағдайда бұл қызметтерді жоспарлы түрде МӘМС есебінен алуға болады. МӘМС жүйесіндегі сақтандырудың бір жылдық құны бар болғаны 51 000 теңге немесе айына 4 250 теңге, ал көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне шектеу қойылмайды.
Денсаулығыңызды кейінге қалдырмаңыз — алдын ала қамқорлық жасаңыз!
Мәртебені тексеру үшін кез келген ыңғайлы құралды пайдалана аласыз:
- Telegram-дағы SaqtandyryBot (https://t.me/SaqtandyryBot);
- ӘМСҚ сайты (https://msqory.kz/ru/naseleniyu/uznat-status-kalkulyator-osms/uznat-status-zastrakhovannosti/);
- Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы;
- eGov.kz сайты немесе eGov mobile мобильді қосымшасы;
- сондай-ақ кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары.


