МӘМС: Медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ететін жүйе
- Қаралды: 14
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі – Қазақстан азаматтарына көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік бағдарлама. Бұл жүйе әрбір азаматтың денсаулығын қорғауға, уақтылы диагностика мен қажет емді алуына мүмкіндік береді.
МӘМС аясында азаматтар келесі медициналық қызметтерді пайдалана алады:
диагностикалық зерттеулер;
амбулаторлық және стационарлық емдеу;
жоғары мамандандырылған медициналық қызметтер;
медициналық оңалту көмегі.
Жарналарды төлеу тәртібі
МӘМС жүйесін қаржыландыру бірнеше төлем көздері арқылы жүзеге асады. Жарналар мен аударымдарды төмендегі тұлғалар төлейді:
Жұмыс берушілер – жалдамалы қызметкерлер үшін белгіленген мөлшерде аударым жасайды.
Жеке кәсіпкерлер – өздері және өздерінің қызметкерлері үшін жарна төлейді.
Қызметкерлер – өз еңбекақысынан белгіленген көлемде жарна аударады.
Мемлекет – әлеуметтік жағынан осал санаттағы азаматтарды сақтандыруды өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.
Бұл қаржы азаматтардың жеке шотында жиналмайды, медициналық ұйымдар көрсеткен қызметтерге төленеді. Осылайша, сақтандырылған тұлғалар қажетті медициналық көмекті кедергісіз ала алады.
МӘМС жүйесінің маңызы.
МӘМС -тің енгізілуі еліміздегі медициналық қызметтердің сапасын жақсартып, халықтың денсаулық сақтау мүмкіндіктерін кеңейтті. Сақтандырылған азаматтар өз уақытында тексеріліп, қажетті ем-шараларды қабылдап, күрделі медициналық қызметтерге қол жеткізе алады.
«МӘМС – әрбір азаматтың денсаулығы бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз» қағидасы жүйенің негізгі мақсаты мен міндетін айқын көрсетеді.
Байланыс арналары:
1414 — Байланыс орталығы
Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
msqory.kz — ресми сайт
Telegram-бот: @saqtandyrýbot
Instagram: @msqory_kz


