4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні кұтты болсын!
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні кұтты болсын!
Астана қаласы әкімдігінің «№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» Балаларды қорғау күнін атап өтті.
Халықаралық балаларды қорғау күнімен ем қабылдаушыларды құттықтау мақсатында қабылдау-диагностикалық бөлімшедегі залдарды, стационар галереясы түрлі-түсті шарлармен безендірілді. Әрбір клиникалық бөлімшеде қабырға газеттері, пациенттерімізді құттықтау бұрыштары шығарылды. Кішкентай бүлдіршіндер арасында суреттер конкурсы өткізілді. Сондай – ақ қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді.
31 мамыр мен 1 маусымда туған күндері бар пациенттер арасындағы туған күн иелерін құттықтап, туған күндеріне сыйлықтар берілді.
Бұл күні ел тарихындағы ең қиын кезеңді еске алып, қуғын сүргіннен, ашаршылықтан зардап шеккен миллиондаған адамның рухына тағзым етіледі.
Тарихи деректерге сүйенсек, 1921-1954 «антисоветтік» деген жаламен 3 миллион 777 мың адам сотталса, олардың 642 мыңы ату жазасына кесілген. Солақай саясаттың құрбанына айналғандар арасында ұлт зиялылары да бар.
«Халық жауларын анықтау» саясаты салдарынан Қазақстанда 100 мың адам сотталған. Олардың 25 мыңы – ату жазасына кесілді.
Қуғын-сүргін құрбандарының жақындары да қатаң саясаттың зардабын тартты. Олар үшін Қазақстанда АЛЖИР (отанына опасыздық жасағандардың әйелдері қамалған Ақмола лагері), Карлаг (Халықтық ішкі істер комиссариатының Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг (саяси тұтқындарға арналған лагерь) арнайы лагерьлері құрылды.
Астана қаласы әкімдігінің «№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Акция стационар дәрігерлерімен «МУА» КЕАҚ кафедрасының қызметкерлерімен бірлесе өткізілді. Мамандар балаларды қабылдауды екі бағыт бойынша жүргізді (балалар инфекциясы және балалар пульмонологиясы): «МУА» КЕАҚ балалар инфекция аурулары кафедрасының профессоры,м.ғ.д. Д.А. Баешева; «МУА» КЕАҚ балалар инфекция аурулары кафедрасының профессоры,м.ғ.д., Г.Д.Жұмағалиева; «МУА» КЕАҚ балалар инфекция аурулары кафедрасының профессоры,м.ғ.д., «МУА» КЕАҚ балалар инфекция аурулары кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Б.Н. Кошерова; «МУА» КЕАҚ балалар инфекция аурулары кафедрасының профессоры, м.ғ.д., пульмонолог Қ.Б.Абдрахманов; «МУА» КЕАҚ балалар инфекцияаурулары кафедрасының доценті, м.ғ.к. пульмонолог Л.А.Рамазанова; «МУА» КЕАҚ балалар инфекция аурулары кафедрасының ассистенті, жоғары санатты балалар инфекционисті А.К. Омарова; медицина магистрі А.В.Алтынбекова; жоғары санатты балалар инфекционистері, стационар бөлімшелерінің меңгерушілері: Н.И. Бочарникова; Ж.С. Бокенова; К.Б. Ярмамбетов; Б.О. Жармагамбетова және А.У. Махметова.