70-84-86
Пациенттерді қолдау қызметі
70-84-93
Анықтама
Тұрар Рысқұлов к., 12
Астана қ.

Жаңалықтар

Энтеровирустық инфекция – жаз-күз мезгілінде балалар арасында жиі таралатын вирустық ауру. Бұл вирустар өте кең таралған және жеңіл түрінен бастап ауыр асқынуларға дейін, соның ішінде вирустық менингитке әкелуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен (2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 өзгерістерімен) бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу қағидаларына сәйкес,

2025 жылдың маусым айы басталысымен, еліміздің көптеген өңірлерінде кене белсенділігі артып отыр. Осыған байланысты, ауруханамыз тұрғындарды кене энцефалиті туралы хабардар болуға және алдын алу шараларын сақтауға шақырады.
Кене энцефалиті — бұл вирустық ауру, ол инфекцияланған кененің шағуы арқылы беріледі және орталық жүйке жүйесін зақымдауы мүмкін. Аурудың алғашқы белгілері: дене қызуы, бас және бұлшықет ауруы, әлсіздік, жүрек айну. Уақтылы медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда, бұл ауру ауыр асқынуларға, тіпті мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін.

         №3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасында Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті.

     1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай, №3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының ұжымы ауруханада ем алып жатқан кішкентай пациенттерге ерекше көңіл бөліп, мерекелік іс-шара ұйымдастырды. 
      Шара барысында әр бөлімше қызметкерлері өз бөлімдерін әсемдеп, тақырыптық стендтер әзірледі. Сонымен қатар, 29, 30, 31 мамыр және 1 маусым күндері дүниеге келген кішкентай пациенттер туған күндерімен арнайы құттықталып, естелік сыйлықтар тарту етілді.
      Орта жас буындағы балаларға арналған қол жуу гигиенасының ережелерін мейірбикелер іс жүзінде көрсетіп, тазалық сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шеберлік сабақтарын өткізді. 
      Ата-аналарға вакцинацияның маңыздылығы мен пайдасы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жас аналарға ана сүтінің пайдасы және дұрыс тамақтандыру қағидалары кеңінен айтылды.
      Шара соңында ата-аналар өз алғыстарын білдіріп, балаларын дер кезінде емдеп, дерттен қорғаған дәрігерлерге шынайы ризашылықтарын жеткізді. Олардың айтуынша, ақ халатты абзал жандардың еңбегі мен жанашырлығы – бала денсаулығының кепілі.

ҚР, АСТАНА Қ.,
Т.РЫСҚҰЛОВ К., 12
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ: +7 (7172) 70-84-93
С 8.00 ДО 19.00 (ЖЕКСЕНБІДЕН БАСҚА)
ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ CALL-ОРТАЛЫҒЫ:
+7 778 265 67 88 (ТӘУЛІК БОЙЫ)

gdib_ast@mail.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.