70-84-86
Пациенттерді қолдау қызметі
70-84-93
Анықтама
Тұрар Рысқұлов к., 12
Астана қ.

Жаңалықтар

Балалардың денсаулығы — біздің басты құндылығымыз. Қыс маусымында жедел респираторлық- вирустық инфекциялар (ЖРВИ), тұмау және пневмококк инфекциясы жиілейді. Бұл аурулар бала ағзасы үшін қауіпті болуы мүмкін, сондықтан алдын алу шараларын білу өте маңызды.
Бұл инфекциялар несімен қауіпті?

Күз-қыс маусымындарыңда  ЖРВИ, тұмау және пневмококк инфекциясының қаупі артады. Бұл аурулар пневмония, бронхит, отит, менингит сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін, әсіресе балаларда.
 Неліктен вакцина маңызды? 

  • Иммунитет қалыптастырады
  • Ауыр асқынулардың алдын алады
  • Баланы және жанындағы адамдарды қорғайды
  • Ауруханаға түсу қаупін төмендетеді

 Қандай екпелер ұсынылады? 

  • Тұмауға қарсы екпе — жыл сайын егілетін вакцина.
  • Пневмококкқа қарсы екпе — күнтізбе бойынша уақытылы егіледі.
  • Басқа вакцинациялар — баланың жас ерекшеліктеріне қарай күнтізбе бойынша егіледі.

Астана қаласының № 3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры Абдуов Марат Қарсыбекұлы Қазақстан Республикасының  Президентінің бұйрығымен «Құрмет» орденін алды. Бұл марапат – оның көп жылғы еңбегінің, жоғары кәсібилігінің және отандық денсаулық сақтау    саласының дамуына қосқан зор үлесінің айғағы. Аурухана ұжымы Марат Қарсыбекұлын шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, жаңа жетістіктер мен табыстар тілейді!

Енді еңбекке жарамсыздық парағын онлайн түрде, емханаға бармай-ақ рәсімдеуге болады.
Ол үшін бірнеше қарапайым қадамды орындаңыз:

1. eGov Mobile қосымшасын жүктеп, жүйеге кіріңіз;
2. «Қызметтер» бөліміне өтіп → «Денсаулық сақтау» санатын таңдаңыз;
3. «Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парағын беру» қызметін табыңыз;
4. Өтінімді жіберіңіз: қажетті жолдарды толтырып, деректерді растаңыз (ЭЦҚ немесе SMS-код қажет болуы мүмкін);
5. Өтінім қаралғаннан кейін, еңбекке жарамсыздық парағы сіздің жеке кабинетіңізде немесе «Менің құжаттарым»/«Қызметтер тарихы» бөлімінде пайда болады;
6. Қажет болған жағдайда, электрондық нұсқасын жұмыс берушіңізге ұсыныңыз — ол оны жүйе арқылы тексере алады.

ҚР, АСТАНА Қ.,
Т.РЫСҚҰЛОВ К., 12
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ: +7 (7172) 70-84-93
С 8.00 ДО 19.00 (ЖЕКСЕНБІДЕН БАСҚА)
ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ CALL-ОРТАЛЫҒЫ:
+7 778 265 67 88 (ТӘУЛІК БОЙЫ)

gdib_ast@mail.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.