70-84-86
Пациенттерді қолдау қызметі
70-84-93
Анықтама
Тұрар Рысқұлов к., 12
Астана қ.

Жаңалықтар

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік маңызы бар аурулардың жаңартылған тізімі күшіне енеді. Бұл тізімге келесі аурулар кіреді:

  • туберкулез;
  • адамның иммун тапшылығы вирусы;
  • созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр циррозы;
  • қатерлі ісіктер;
  • психикалық және мінез-құлық ауытқушылықтары;
  • жедел миокард инфаркті (алғашқы 6 ай);
  • жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары;
  • орталық жүйке жүйесінің аурулары;
  • сирек кездесетін, яғни орфандық аурулар;
  • эпилепсия;
  • цереброваскулярлық аурулар (1 жыл көлемінде). 

Қазақстан халқының саны – 20,4 млн адам. Оның 16,8 млн-ы сақтандырылған, ал 3,6 млн азаматта сақтандыру мәртебесі жоқ. Осы топтың шамамен 1 млн-ы – Отбасының цифрлық картасы деректері бойынша дағдарыстық және шұғыл деңгейдегі әлеуметтік жағдайы бар тұрғындар, олардың жарна төлеуге мүмкіндігі жоқ.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап дағдарыстық (D) және шұғыл (E) санаттағы азаматтар, сондай-ақ ресми тіркелген жұмыссыздар МӘМС жүйесінде жергілікті атқарушы органдар есебінен сақтандырылады.

МӘМС аясында сақтандырылған азаматтарға келесі медициналық қызметтер тегін ұсынылады:

* анализдер;

* УЗИ, КТ, МРТ секілді диагностика;

Денсаулықты сақтау – болашағыңа жасалған ең маңызды инвестиция. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) сізге бейінді мамандардың кеңесіне, заманауи диагностикалық әдістерге (МРТ, КТ, УДЗ), зертханалық талдауларға және стационарлық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бір жарна арқылы шексіз ем алу мүмкіндігіне ие боласыз. Себебі сақтандырылған мәртебе – өзіңізді толық сау сезінген күннің өзінде де күн сайын жұмыс істейтін қорғаныс.
Сақтандырусыз бұл қызметтердің құны жоғары, ал МӘМС оларды қолжетімді етеді. Денсаулығыңызды «кейінге» қалдырмаңыз – қолжетімді медициналық көмек МӘМС-тен басталады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі Қазақстан азаматтарын сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету үшін үнемі жетілдіріліп келеді. Жаңартулар аясында медициналық көмекті тегін алатын азаматтар саны кеңейіп, кейбір созылмалы аурулар МӘМС жүйесіне енгізілді. 

ҚР, АСТАНА Қ.,
Т.РЫСҚҰЛОВ К., 12
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ: +7 (7172) 70-84-93
С 8.00 ДО 19.00 (ЖЕКСЕНБІДЕН БАСҚА)
ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ CALL-ОРТАЛЫҒЫ:
+7 778 265 67 88 (ТӘУЛІК БОЙЫ)

gdib_ast@mail.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.