70-84-86
Пациенттерді қолдау қызметі
70-84-93
Анықтама
Тұрар Рысқұлов к., 12
Астана қ.

Басшы

Image

Баешева Динагүл Аяпбекқызы

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, иммундау жөніндегі консультативтік комиссияның төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты инфекционист дәрігер, "инфекционист дәрігерлер қоғамы" өңірлік қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Денсаулық сақтау саласының үздігі, "жылдың үздік профессоры -2009", "ҚР ЖОО үздік оқытушысы- 2012". 300-ден астам ғылыми еңбектер мен оқу құралдарының авторы.

Қызметтер:

Балалардың жұқпалы аурулар кафедрасы білім беру және  медицина  саласындағы  оқу-педогогикалық, емдік-диагностикалық, профилактикалық, консультативтік және ғылыми–зерттеу қызметін жүзеге асырады. Астана медицина универсететі және мемлекетіміздің талаптарына сәйкес  интеллектуалды, мәдени және адамгершілік  деңгейі жоғары, медицина саласындағы жоғары білікті мамандар мен ғылыми-педагогикалық қызметкелерді даярлайды.

Білім беру және педогогикалық қызметі

Балалар жұқпалы аурулар кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4-ші, 5-ші-курс студенттері,  7-курста «Педиатрия» мамандығы бойынша интерндер, «Жалпы практикалық дәрігер» мамандығы бойынша  интерндер, резидентурада «Жұқпалы аурулар, сонымен қатар балалар жұқпалы аурулары» мамандығы, «Педиатрия», «Гастроэнтерология», «Медицина» мамандығы бойынша 1 магистрант және 2 PhD докторант білім алады.
Жалпы медицина мамандығының 4-курс студенттеріне «Іскерлік–рөлдік ойын және дискуссия» инновациялық әдісі бойынша, «Педиатрия», «Жалпы практикалық дәрігер» мамандықтарының 7-курс интерндеріне және «Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалар жұқпалы аурулары», «Педиатрия» мамандығының резиденттеріне «SimNewBABY» робот манекенді қолданып клиникалық  сценарий түріндегі инновациялық технология бойынша практикалық сабақ жүргізіледі.

Ғылыми- зерттеу қызметі

«Астана медицина универсететі» АҚ балалардың жұқпалы аурулары кафедрасы қызметкерлері 300-ден астам ғылыми еңбек, сонын ішінде 7 оқу-әдістемелік құрал шығарды, 3 өнертабыс патентін, 5 авторлық куәлік алды, практикалық медицинаға 20 жаңалық енгізді, импакт факторы бар 10 мақала жарыққа шығарды.Кафедрада 3 кандидаттық диссертация қорғалды, 50 резидент және 5 магистрант дайындалды. 2009-2011жж С.Сейфуллин атындағы Агратехникалық  универсететіпен бірігіп ауылшаруашылық, қоршаған ортаны бақылау, тағамдық және қайта өңделген  өнеркәсіпте ген-инженерлік және жасушалық технология медицинасын пайдаланды. Қарағанды қаласындағы «Фитохимия» ХҒӨХ-пен бірігіп өсімдік шикізатынан жаңа  дәрі-дәрмектірді жасады және  2010-2012жылғы GMP стандартына сәйкес өндірілуін ұйымдастырды.ҚММУ-мен бірігіп «Саусалин» препаратының клиникалық тиімділігін және қауіпсіздігін зерттеді. Қазіргі таңда «Саусалин» препаратының описторхозға қарсы белсенділігін зерттеуде.
Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының базасында 2019 жылдан бастап "№1 Club of YOUNG SCIENTISTS AND INFECTIOLOGOSTS" жас ғалымдар клубы ұйымдастырылды, оның шеңберінде жыл сайын студенттердің, резиденттердің, магистранттардың білімі мен тәжірибесімен алмасу алаңына айналған жас ғалымдардың пәнаралық конференциясын өткізумен ғылыми үйірме жұмысы жүргізілуде. Студенттердің ғылыми көкжиегін кеңейтуге және әртүрлі ғылыми бағыттар арасындағы пәнаралық байланыстарға, өзекті ақпаратпен алмасуға ықпал ететін жас ғалымдар мен оқытушылар, жастардың инновациялық әлеуетін анықтау және дамытуға бағытталған.

Кафедраның ғылыми бағыттары

«Созылмалы описторхоз ауруын емдеудің жаңа тәсілі», «Балалардағы  ауруханадан тыс пневмонияны  дифференциялық диагностикалау», «Антибиотикрезистенттілік, ұстану стратегиясы», «Қазіргі кездегі балалар нейроинфекциясы». Доктарант, магистрант, резидент және балалардың жұқпалы аурулар кафедрасының ғылыми зерттеу үйірмесінің мүшелері жыл сайын жақын және алыс шетелдегі халықаралық ғылыми-зерттеу конфернцияларына белсенді қатысады. Кафедра  қызметкерлері  Мәскеу, Санк-Петербург, Колифорния, Щвеция, Германия, Нидерланд, Израиль сынды елдермен өзара ынтымақтастық орнатқан.

Клиникалық қызмет

Кафедра қызметкерлері Астана қаласында, Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде де практикалық денсаулық сақтауға үлкен емдік-консультациялық көмек көрсетеді. Жыл сайын кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы Астана қаласының №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының базасы болып табылатын, қаланың қалалық емханаларында бейінді пациенттерге жетекшілік етеді және кеңес береді. Кафедра қызметкерлерінің күшімен жыл сайын қалалық және республикалық деңгейлерде семинарлар, мастер-кластар және ғылыми-практикалық конференциялар өткізіледі. Кафедра мамандары республикалық клиникалық хаттамаларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жұмысына қатысады, оларды кейіннен РДРҰ сараптамалық комиссияларында және ҚР ДСМ Қоғамдық кеңесінде қорғайды. Кафедра денсаулық сақтауға профилактикалық бағытта үлкен практикалық көмек көрсетеді, вакцинопрофилактика, ЖРВИ алдын алу және салауатты өмір салтын жүргізу мәселелері бойынша радио мен теледидарда сұқбаттар берді.

Тәрбие жұмысы

Кафедра “ Жалпы медицина” факультетінде  жетекшілік ететін топтарға  келесі тақырыптар бойынша тәрбие жұмысын  жүргізеді:  “Есірткісіз саламатты  өмір  салты”, “Саламатты өмір салты, B жəне C вирустық гепатиттің  алдын алу”, “АИТВ инфекциясының алдын алу”, “Темекісіз  саламатты өмір салты”. Жастарға патриоттық тәрбие беруге  көп көңіл бөлінуде, жыл сайын  “Президент күніне”, “Қазақстанның Тәуелсіздік күніне” жəне “Жеңіс күніне”  арналған концерттер, салтанатты іс-шаралар өткізіледі.

Жетістіктер

1
Кафедрада бейінді науқастарға мамандандырылған көмек көрсетуге қабілетті бірінші және жоғары біліктілік санатындағы тәжірибелі қызметкерлер жұмыс істейді. Кафедра ұжымы балалардың жұқпалы аурулар клиникасында теориялық білім мен практикалық дағдылардың толық көлемін алу үшін жоғары сапалы оқытуды қамтамасыз етуге дайын.
2
Кафедраның жоғары білікті қызметкерлері: профессорлар, доценттер, ассистенттер, жоғары білікті санатты дәрігерлер, магистранттар, докторанттар.
3
Стейкхолдерлердің қажеттіліктеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын, пәннің оқу-әдістемелік кешендерін мониторингілеу және дамыту.
4
Алыс шетелдермен (Швеция, Үндістан, Израиль) антибиотикке төзімділік проблемасында халықаралық байланыстардың болуы. Жақын шетелде білім беру, клиникалық және ғылыми қызметпен алмасу үшін балалар инфекциясы саласындағы халықаралық байланыстар (Мәскеу, Санкт-Петербург, Минск, Гродно).
5
Кафедраның жоғары білікті мамандарының практикалық денсаулық сақтаумен белсенді ынтымақтастығы. ҚР ауқымында балалар жұқпалы аурулары бойынша кафедра қызметкерлерінің ұйымдастырушылық-әдістемелік және емдеу - диагностикалық жұмыстары жүргізілуде.
6
Клайпеда, Вильнюс (Литва) және Тель-Авив (Израиль) қалаларындағы магистранттар мен докторанттардың академиялық ұтқырлығы.
7
"МУА" КЕАҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының қызметкерлері 300-ден астам ғылыми еңбектер жариялады, олардың құрамына 7 оқу-әдістемелік құрал кірді, өнертабысқа 3 патент, 5 авторлық куәлік, практикалық медицинаға 12 енгізу алынды, басылымдар -10.
8
Кафедраның барлық қызметкерлері "Инфекционист дәрігерлер қоғамы" өңірлік қоғамдық бірлестігінің мүшелері болып табылады.
Image
Image

Кафедраның құрылу тарихы

1967 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетінде  балалар аурулары кафедрасы мен балалардың жұқпалы аурулары кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі болып м.ғ.к..доцент Д.П.Чучупалов тағайындалды.
1980-1981 жылы алғашқы педиатрия факультеті ашылды. Осыған орай  1984 жылы кафедра балалардың жұқпалы аурулары кафедрасы  ретінде қайта ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі доцент Н.А.Руденко болды.
2000-2010 жылы балалардың аурулары кафедрасы қайта құрылды да, балалардың жұқпалы аурулары курсы ретінде эпидемиология мен жұқпалы  аурулар кафедрасының құрамына енді. Кафедра меңгерушісі  м.ғ.к., доцент Г.У.Алшынбаева болды.
2010 жылы кафедра балалардың жұқпалы аурулары дербес мәртебесін алды, кафедра меңгерушісі м.ғ.к. Д.А. Баешева.

Байланыс:

Астана қ., Тұрар Рысқұлов к-сі, 12. Г2Д2 блогы, 4 қабат.

e-mail: kaf.detinf@amu.kz

Біз әлеуметтік желілерде:

 

ҚР, АСТАНА Қ.,
Т.РЫСҚҰЛОВ К., 12
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ: +7 (7172) 70-84-93
С 8.00 ДО 19.00 (ЖЕКСЕНБІДЕН БАСҚА)
ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ CALL-ОРТАЛЫҒЫ:
+7 778 265 67 88 (ЖҰМЫС УАҚЫТЫНАН ТЫС УАҚЫТТА)

gdib_ast@mail.ru
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.