70-84-86
Пациенттерді қолдау қызметі
70-84-93
Анықтама
Тұрар Рысқұлов к., 12
Астана қ.

Ақылы қызметтер

Ақылы қызметтер прейскуранты


Ақпарат

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 78-бабының 3-тармағына сәйкес:

Балаларды стационарлық емдеу кезінде:

Балаларды емдеу кезінде:

- стационар жағдайында бес жасқа дейінгі , сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтімге мұқтаж егде жастағы науқас балалар, анасына (әкесіне) немесе бала күтімін тікелей жүзеге асыратын өзге адамға онымен бірге медициналық ұйымда болу мүмкіндігі беріледі және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беріледі .

- Баланың емізетін анасы өмірінің бір жылына дейін медициналық ұйымда бала күтімі бойынша болудың барлық кезеңіне тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

Жоғарыда көрсетілген баптың 2-тармағына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің «№ 3 көпбейінді қалалық балалар       ауруханасы» ШЖҚ МКК-да (бір) жастан асқан балалардың аналары келісім шарттық негізде аурухана тамағымен ақылы түрде қамтамасыз етіледі. 3 (үш) жастан асқан балаға күтім көрсетуші тұлғалар өздерінің стационарда жатқандары үшін төлемді келісім шарттық негізде төлейді.

1 (бір) жастан асқан балаларға күтім көрсетушілердің (бала емізбейтін аналар) тәулігіне 4 (төрт) рет  тамақтануының құны – 1700 (мың жеті жүз) теңге. 1 (бір) жастан асқан балаларға күтім көрсетушілердің (бала емізбейтін аналар)  тәулігіне 4 (төрт) рет  тамақтануының құны 1200 теңге бағасына тамақ дайындаудың шығындары, ас үй қызметкерлерінің жалақысы, кіші медициналық персоналдың жалақысы (санитар таратушы) кіреді.

3 (үш) жастан асқан балаларға күтім көрсетушілердің стационарда жатуының құны  – тәулігіне 1300 (мың үш жүз) теңге (тамақтануын есептемегенде). 3 (үш) жастан асқан балаларға күтім көрсетушілердің стационарда жатуының құны  (дәрі-дәрмектер мен тамақтануды қоспағанда) 1300 теңгені құрайды, бұл сомаға коммуналдық қызметтердің сомасы, кіші медициналық персоналдың (санитарлардың) жалақысы кіреді.

Баланы ауруханаға жатқызғанда, анасына (әкесіне) немесе науқас баланы күту үшін шұғыл госпитализацияға баратын адамға келесі талтаударлы тапсыру керек (5050 теңге):

  • дәретті морфологиялық, тинкториалдық, культуралық, биохимиялық, антигендік қасиеттерімен сәйкестендіре отырып, нәжісті патогенділікке зерттеу – 3 200 теңге;
  • Като, Фелюборн, Нативн әдістері арқылы нәжістегі ішекқұрт жұмыртқаларын анықтау – 1 000 теңге;
  • микрореакция – 450 теңге;
  • саусақтан автоматты старификатормен қан алу – 400 теңге.

Ауруханада ақылы қызмет алу кезінде мына санаттағы  азаматтарға жеңілдіктер бар:

- Мүгедек балалардың ата-аналары: 100% жеңілдік – 3 (үш) жастан асқан емделушілерге күтім көрсетуші тұлғалардың жатқаны үшін;

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар, 18 (он сегіз) жасқа толмаған 5 (бес) және одан да көп балалы аналар тиісті құжатын ұсынғанда (100% жеңілдік), (1 (бір) жастан асқан балаларды күту бойынша және 3 (үш) жастан асқан емделушілерге күтім көрсетуші тұлғалардың жатқаны үшін қызмет көрсету бойынша);  талдауларға (микрореакция, ішекқұрт жұмыртқаларына қырынды алу, қан алу) – 100% жеңілдік;

Стационарда жатқан кезінде аурухана тамағынан бас тартқан жағдайда «Емдеу-алдын алу ұйымдарында емдік тағамды ұйымдастыру туралы» ҚР ДСМ-нің 2002 жылғы 08 сәуірдегі №343 бұйрығында рұқсат етілген тағамдардан үйде дайындалып әкелінген тамақты ішіп-жеуге рұқсат берілген.

Стационар ТМККК шеңберінде әртүрлі инфекциялық аурулармен ауыратын балаларға мамандандырылған көмек көрсетеді.

Қажет болған жағдайда стационар мамандары жұқпалы патологияға күдікті жағдайларда, диагностикалық қиын жағдайларда қаланың басқа балалар ЕПҰ-ға консультациялық көмек көрсетеді.

Стационарда науқас балалардың күтуші адамдармен бірге болуына жағдай жасалған.  Бокстар мен жартылай бокстар 2 адамға есептелген, сондай-ақ 4 рет тамақтану ұйымдастырылған. Бір жасқа дейінгі балалар үшін асханада арнайы сүтті тамақтар дайындалады.

Стационарда бактериологиялық зертхана бар. Сондай-ақ қажетті рентгенологиялық және ультрадыбыстық зерттеулер жүргізіледі.

 

ҚР, АСТАНА Қ.,
Т.РЫСҚҰЛОВ К., 12
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ: +7 (7172) 70-84-93
С 8.00 ДО 19.00 (ЖЕКСЕНБІДЕН БАСҚА)
ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ CALL-ОРТАЛЫҒЫ:
+7 778 265 67 88 (ЖҰМЫС УАҚЫТЫНАН ТЫС УАҚЫТТА)

gdib_ast@mail.ru
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.