70-84-86
Пациенттерді қолдау қызметі
70-84-93
Анықтама
Тұрар Рысқұлов к., 12
Астана қ.

Бактериологиялық, иммунологиялық зертхана

Бөлімше меңгерушісі

Волкова Гульнара Сериковна

жоғары санатты дәрігер-бактериолог

Аға зертханашы – Балтабекова Айгуль Аллажаровна

Жоғары біліктілік санаты бар


Бактериологиялық зертхана бірінші қабатта орналасқан және ауданы шамамен 1000 шаршы метрді құрайды.

Зертхана мамандандырылған жабдықтармен, диагностикумдармен жабдықталған. Бұл - классикалық бактериологиялық және экспресс зерттеу әдістерімен жедел ішек инфекцияларын, ауа-тамшы инфекцияларын, тағамдық токсикоинфекцияларды, ауруханаішілік инфекцияларды, іріңді-қабыну және саңырауқұлақ ауруларын диагностикалауға мүмкіндік береді.

Зертханадағы жаңа технологиялар

Брукер шығарған бактериологиялық масс-спектрометр анализаторы (АҚШ) - қазіргі микробиологияның соңғы жаңа технологиясының бірі. Анализатор алғашқы егуден кейін микроорганизмді тікелей анықтауға, тез және қарапайым сынама дайындауға, зәрмен, ликермен және құрамында микроорганизмдер жеткілікті болатын басқа сұйық ағзалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.  Бір сынаманы анықтау бір минуттан аз уақытты алады және автоматты режимде ("белоктық саусақ ізі" типі бойынша) жүргізіледі.

MicroScan autoscan - 4 жартылай автоматты микробиологиялық анализаторы (Siemens, АҚШ) микроорганизмдерді, ашытқыларды және олардың антибиотиктерге төзімділігін анықтау бойынша анықтамаларды орындайды.

Зертханада бумен пісіру принципін қолдана отырып, стерильді қоректік ортаны дайындау үшін қолданылатын - автоматты орта пеші бар. Ол жоғары тиімділік пен қолданудың қарапайымдылығы және дайындалған ортаны құюға арналған автоматты модульмен сипатталады.

Әрбір жұмыс бөлмесінде  жұмыс аймағы мен қоршаған ортаның ауасын ластау мүмкіндігін болдырмау мақсатында микроорганизмдерді физикалық оқшаулауға (жұмыс аймағынан ұстап тұруға және бақыланатын алып тастауға) арналған микробиологиялық қауіпсіздік бокстары бар. Жаңа жағдайларда сәйкесінше жабдықталған "таза" және "лас" жұмыс аймақтары болуы мүмкін, яғни, әр бокста стерилизаторлар бар.

Зертханада зерттеулердің келесі түрлері өткізіледі:

Микробиологиялық:

  • инфекцияның ішек тобы: Shigella, Salmonella, E. coli патогенді серотиптері, шартты патогенді микрофлора (Klebsiella, Citrobacter, Enterobacter, Hafnia, Erwinia, Iersinia, Proteus etc.)
  • дисбактериозға зерттеу: ішек, аңқа микрофлорасының сандық және сапалық құрамы айқындалады.
  • зерттелетін клиникалық материалдың (зәр, қан, өт, ликвор, емшек сүті, жара, құлақ, көз,  жыныс мүшелерінің, жабық қуыстардың бөлінділері, аңқа және мұрын сілемейлері) микрофлорасы анықталады. Бөлінген қоздырғыштыңантибиотиктерге сезімталдылығын анықтай отырып, Staphylococcus, Streptococcus, Haemophilus, Corynebacterium, микроорганизмдер тобының Enterobacteriacae, ферменттелмейтін бактериялар тобы анықталады.
  • күлқоздырғыштарын және алтын түстес стафилококты тасымалдағышты тексеру үшін аңқа және мұрынжағындылары зерттеледі.

Серологиялық: 

  • сальмонеллезді антигендермен БГАР-ға қан алу;
  • күлді антигендермен БГАР-ға қан алу;
  • Райт реакциясында қанзерттеу;
  • иерсиниозды (О3,О9, псевдотуберкулезды, Кристенсене) антигендермен БГАР-ға қан алу;
  • листериозды антигендермен БГАР-ға қан алу;
  • пастереллезды антигендермен БГАР-ға қан алу;
  • менингококты антигендермен БГАР-ға қан алу;
  • туляремиялы антигендермен БГАР-ға қан алу;
  • лептоспирозды антигендермен БГАР-ға қан алу;
  • бөртпелі сүзекті, көкжөтелді және көкжөтелшелі антигендерменРА-ға қан алу;
  • Хеддельсон реакциясында қан зерттеу. 

Санитариялық-бактериологиялық: 

  • Күнделікті қолданылатын заттардан ІТТБ-ға шайындыларды себу (Код ортасы);
  • стафилококқа шайындыларды себу;
  • патогенді және шартты патогенді микрофлорағашайындыларды себу;
  • медициналық бұйымдардың зарарсыздығын бақылау;
  • ауа ортасын бақылау. 

Зертхана бактериологиялық, санитариялық-бактериологиялық және серологиялық зерттеулер өткізуде қаланың басқа емдеу мекемелеріне (мердігерлік бойынша келісім шартқа сәйкес) көмек көрсетеді. 

Зертхананың кадрлық құрамы ірі республикалық орталықтарда және алыс шетелдерде мамандандандырудан өткен жоғары және бірінші санатты дәрігерлермен және зертханашылармен жасақталған.


Бөлімше тел.: (7172) 70-85-25

 

ҚР, АСТАНА Қ.,
Т.РЫСҚҰЛОВ К., 12
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ: +7 (7172) 70-84-93
С 8.00 ДО 19.00 (ЖЕКСЕНБІДЕН БАСҚА)
ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ CALL-ОРТАЛЫҒЫ:
+7 778 265 67 88 (ЖҰМЫС УАҚЫТЫНАН ТЫС УАҚЫТТА)

gdib_ast@mail.ru
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.