70-84-86
Пациенттерді қолдау қызметі
70-84-93
Анықтама
Тұрар Рысқұлов к., 12
Астана қ.

Бала құқығы және ата-ананың міндеттері

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 07.07.2020 жылғы 360-VI кодексі

78-бап. Балалардың құқықтары

1. Осы Кодекстің 77-бабының 1-тармағында көзделген құқықтардан бөлек, әрбір баланың:

1) денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі заманғы және тиімді көрсетілетін қызметтері мен ауруларды емдеу және денсаулықты қалпына келтіру құралдарын пайдалануға;

2) денсаулықты сақтау саласында білім алуға;

3) профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге және динамикалық байқауға, емделуге, дәрілік қамтамасыз етілуге, сауықтырылуға және вакцина алуға;

4) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сауықтыру және ұйымдастырылған демалыс кезеңінде медициналық көмек көрсетілуіне;

5) өзінің физиологиялық ерекшеліктеріне және денсаулық жағдайына сәйкес келетін және оған қолайсыз факторлардың әсерін болғызбайтын жағдайларда санитариялық-гигиеналық ағартуға, оқуға және еңбек етуге;

6) оқуға түсу және жұмысқа орналасу кезінде бекітілген жері бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық құжаттаманы тегін негізде алуға;

7) денсаулық жағдайы туралы ақпаратты өзіне қолжетімді нысанда алуға;

8) саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтану туралы, темекі шегудің, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың зияны туралы ақпаратты қолжетімді нысанда алуға;

9) репродуктивтік денсаулықты сақтау туралы ақпаратты қолжетімді нысанда алуға;

10) паллиативтік медициналық көмек алуға құқығы бар.

2. Ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімімен жүргізілетін хирургиялық араласуларды, жүктілікті жасанды үзуді қоспағанда, он алты жастағы және одан асқан кәмелетке толмағандардың профилактикалық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсетілуіне хабардар етілген келісуге немесе одан бас тартуға құқығы бар.

3. Стационар жағдайында бес жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтімге мұқтаж естияр жастағы науқас балаларды емдеу кезінде анасына (әкесіне) немесе баланы күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын өзге адамға медициналық ұйымда онымен бірге болу мүмкіндігі беріледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беріледі.

Бір жасқа дейінгі баласын емізетін ана медициналық ұйымда баланы күтіп-бағу үшін болған бүкіл кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

4. Бес жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтімге мұқтаж естияр жастағы науқас балаларды амбулаториялық және стационарды алмастыратын жағдайларда емдеу кезінде анасына (әкесіне) немесе баланы күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын өзге адамға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беріле отырып, онымен бірге болу мүмкіндігі беріледі.

5. Мектеп жасындағы балалардың стационар жағдайында мамандандырылған медициналық көмек, медициналық оңалту, сондай-ақ паллиативтік медициналық көмек алу кезеңінде уәкілетті орган білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп айқындаған тәртіппен үздіксіз білім алуға құқығы бар.

Балаларға медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары ойындар, демалыс және тәрбие жұмысын жүргізу үшін жағдайлар жасайды.

6. Мүмкіндіктері шектеулі, АИТВ инфекциясын жұқтырған балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуға құқығы бар.

АИТВ инфекциясын жұқтырған балалардың балалар үйлерінде және өзге де денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында болуға құқығы бар.

АИТВ инфекциясын жұқтырған аналардан туған балалардың белгіленген тамақтану нормаларына сәйкес, бейімделген тегін сүт қоспаларын алуға құқығы бар.

6-1. Мүмкіндігі шектеулі балалардың (мүгедектігі бар балалардың) денсаулық сақтау ұйымдарында бірінші кезекте қызмет көрсетілуіне құқығы бар.

7. Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

8. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар үш жасты қоса алғанда, осы жасқа толғанға дейін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік медициналық ұйымдарда бола алады.

Баланың ата-анасы міндетті:

ҚР Конституциясының 1,2-тармағының № 27-бабы "Неке және отбасы,ана болу,әке болу және балалық шақ мемлекеттің қорғауында. Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата аналардың табиғи құқығы мен міндеті болып табылады";
ҚР "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Заңының 1-тармағының № 70-бабы - "ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті"
"ҚР-дағы бала құқықтары туралы" ҚР Заңының 1-тармағының № 8-бабы - "әрбір баланың денсаулығын қорғауға ажырамас құқығы бар".
ҚР Қылмыстық кодексінің "балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" № 141-бабы
ҚР Қылмыстық Кодексінің "Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді атқармау" № 140 бабы.
Сізге қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы еске саламыз: бала ауырған жағдайда медициналық көмекке уақтылы жүгінбегені үшін.

Баланы күту, оны  тамақтандыру, ауруханадан өз бетінше кету бойынша дәрігердің ұсынымдары мен тағайындауларын орындамау баланың денсаулығының нашарлауына және оның өліміне әкелуі мүмкін.

Емделуші құқығы:

  • Денсаулық сақтау жүйесінің заманауи және тиімді қызметтерін, ауруларды емдеу және денсаулықты қалпына келтіру құралдарын пайдалану;
  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық тексерулер және динамикалық байқау, емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сауықтыру және вакцинациялау;
  • паллиативтік көмек және мейірбике күтімін алу;
  • диагностика, емдеу және күтім процесінде лайықты қарау, өзінің мәдени және жеке құндылықтарына құрметпен қарау;
  •  қандай да бір кемсітушілік факторлардың ықпалынсыз тек қана медициналық критерийлер негізінде айқындалатын кезектегі медициналық көмек
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсететін дәрігерді немесе медициналық ұйымды, оның ішінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ұйымдарында қызметін жүзеге асыратын шетелдік дәрігерді таңдау, ауыстыру;
  • медициналық ұйымда аудио - және (немесе) бейнебақылау және жазба жүргізіліп жатқандығы туралы хабарлау;
  • отбасы, туыстары мен достары, сондай-ақ діни бірлестіктердің қызметшілері тарапынан қолдау көрсету;
  • медициналық технологиялардың қазіргі деңгейі мүмкіндік беретін дәрежеде азапты жеңілдету;
  • өз денсаулығының жай-күйі туралы тәуелсіз пікір алу және консилиум өткізу;
  • тағайындалатын дәрілік зат туралы толық ақпарат.
  • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтар.

Пациенттердің міндеттері:

1) өз денсаулығын сақтауға қамқорлық жасау, жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілік;

2) өз денсаулығын сақтау және нығайту шараларын қабылдауға;

3) медицина қызметкерлерімен қарым-қатынаста құрмет пен әдептілік танытуға;

4) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар төлеуге міндетті;

5) денсаулық сақтау ұйымдарында қолданылатын режимді сақтауға міндетті;

6) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтуге міндетті;

7) медицина қызметкерлерінің, Денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының жеке және қоғамдық денсаулығына қатысты нұсқамаларын орындауға міндетті;

8) өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын қорғау жөніндегі сақтық шараларын сақтауға, медициналық ұйымдардың талабы бойынша зерттеп-қараудан және емдеуден өтуге, медициналық персоналды жұқпалы аурулар және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде өзінің ауруы туралы хабардар етуге міндетті.

9) дәрігерге аурудың диагнозын қою және емдеу үшін қажетті барлық ақпаратты медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға хабарлауға;

10) ішкі тәртіп қағидаларын сақтауға және медициналық ұйымның мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алған кезде медициналық персоналмен ынтымақтасуға;

11) диагностика және емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар туындаған не оларға күдік туындаған жағдайларда медицина қызметкерлерін өз денсаулығының жай-күйінің өзгергені туралы уақтылы хабардар етуге міндетті;

12) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын әрекеттер жасамауға;

13) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті;

14) медициналық ұйыммен жасалған шартқа сәйкес амбулаториялық деңгейде медициналық және дәрілік көмек алған кезде тағайындалған барлық нұсқамаларды орындауға міндетті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес

  • Неке мен отбасы, ана болу, әке болу және балалық шақ мемлекет тарапынан қорғалады.
  • Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-аналардың табиғи құқығы мен міндеті болып табылады.
  • Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарға қамқорлық жасауға міндетті.

 

ҚР, АСТАНА Қ.,
Т.РЫСҚҰЛОВ К., 12
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ: +7 (7172) 70-84-93
С 8.00 ДО 19.00 (ЖЕКСЕНБІДЕН БАСҚА)
ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ CALL-ОРТАЛЫҒЫ:
+7 778 265 67 88 (ЖҰМЫС УАҚЫТЫНАН ТЫС УАҚЫТТА)

gdib_ast@mail.ru
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.