70-84-86
Пациенттерді қолдау қызметі
70-84-93
Анықтама
Тұрар Рысқұлов к., 12
Астана қ.

Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі

Бөлім меңгерушісі

Булатова Екатерина Юрьевна

Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі 12 төсекке құрылған. Мұнда қарқынды терапия және реанимациялық іс-шаралар кешенін өткізуді қажет ететін жіті инфекциямен ауырған балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету жүзеге асырылады.

Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің негізгі міндеті емделушінің өмірлік маңызды органдары мен жүйелерінің функцияларын қалпына келтіру және қолдау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Бөлімше жұмысының негізгі бағыттары:

  • жіті жүрек-қан тамыр патологиясы;
  • декомпенсацияланған өкпе патологиясы;
  • нейроинфекция мен нейротоксикоз кезінде емделушілерді қарқынды жүргізу;
  • құрысуы қозған кезде шұғыл жәрдем беру;
  • жіті бүйрек-бауыр жеткіліксіздігі кезінде емдеу;
  • пациенттерді уытты, бактериялық, анафилактикалық шоктан емдеу;
  • эндогенді және экзогенді уыттануы дамыған пациенттерге қарқынды терапия жүргізу.

РҚТБ-да қолданылатын негізгі емдеу әдістері:

  • адекватты гемодинамиканы қолдау;
  • сұйықтықтың, электролиттердің қалыпты теңгерімін, қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті қалпына келтіру және қолдау;
  • өкпенің адекватты желдетуін қамтамасыз ету, жіті тыныс алу жеткіліксіздігінің терапиясы және алдын алу;
  • жіті ми жетіспеушілігінің қарқынды терапиясы;
  • паренхиматозды органдардың бұзылған функцияларының алдын алу және емдеу;
  • ауырсыну синдромын есірткілік емес және есірткілік анальгетиктермен басу, құрысу синдромын басу;
  • бұзылған метаболизмді басқару;
  • бактерияға қарсы терапия;
  • дәрі-дәрмектік және экстракорпоралды детоксикация;
  • парентералды және энтералды түрде зонд арқылы қоректендіру.

Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі ағзаның өмірлік маңызды функцияларын мониторингілеу және протездеу үшін қажетті ең заманауи және жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған:

  • «Бэбилог 800 плюс желдеткіші» жаңа туған сәбилерге қарқынды ем жасауға арналған ӨЖЖ аппараты;  
  • қарқынды ем жасауға арналған EVITA XL ӨЖЖ аппараты;
  • детоксикацияның экстрокорпоралды әдістерін жүргізуге және тағы басқаларға арналған аппарат.

Бөлімшенің аға мейіргері

Бейсенова Разия Алтыбаевна

Менеджер мейірбике Бак бакалавры, жоғары санат, жұмыс өтілі 34 жыл


Бөлімше тел.: (7172) 70- 84-98, 70-85-99

 

ҚР, АСТАНА Қ.,
Т.РЫСҚҰЛОВ К., 12
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ: +7 (7172) 70-84-93
С 8.00 ДО 19.00 (ЖЕКСЕНБІДЕН БАСҚА)
ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ CALL-ОРТАЛЫҒЫ:
+7 778 265 67 88 (ЖҰМЫС УАҚЫТЫНАН ТЫС УАҚЫТТА)

gdib_ast@mail.ru
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.